RU
Ұнның үстіне жалаңаш күйінде отырған ару жұрттың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Ұнның үстіне жалаңаш күйінде отырған ару жұрттың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Majorka.kaz Instagram-парақшасында жалаңаш денесіне тек алжапқыш байлаған қыздың видеосы тарап кетті. Фотосессия үшін ашық-шашық қалпымен ұнның үстіне отырған ару желіде қызу талқыға түсті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр
Source: Instagram

Бойжеткеннің бұл әрекеті көпшілікке ұнамай қалған.

"Кей адамдар ішерге ас таппай отыр", "Асты былғағаны несі?", "Фотосессияны ұнсыз жасамаса болмайды ма?", "Сол нанға бір күні зар боласың ғой", "Әбден тойынған адамның ісі".
"Бұл ұн емес. Фотосессияға арналған арнайы ұнтақ шығар. Адамдардың деңгейі ас атасын қорлайтындай төмен түспеген шығар", "Обалы өзіне", "Кім болса да, мына қылығы ұят екен", - деп жарыса жазды желідегілер.

Айта кетейік, видеоның қай елде түсіргені, видеодағы қыздың кім екені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
35
7
11
2
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel