RU
ШҚО-да көз жұмған сарбаздың анасы ұлының өзін атып өлтіргеніне сенбейді
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да көз жұмған сарбаздың анасы ұлының өзін атып өлтіргеніне сенбейді

Рассказать Вконтакте

Өскеменде "Ақжон" шекара заставасында әскери борышын өтеп жүргенде қаза болған 19 жастағы қатардағы жауынгердің анасы ұлы өзіне қол жұмсады деп ойламайды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

КТК бейне көрінісінен алынған скриншот

Фото:КТК бейне көрінісінен алынған скриншот
Source: Facebook

Анасы ұлының өзін атып өлтіргеніне сенбейді, себебі бозбала болашаққа жоспар құрып жүріпті. Дегенмен әскери басшылық басқаша ойлайды екен.

"Бұл өзіне қол жұмсау емес. Ештеңені жасырмасын. Бір нәрсе жасырып отырғандарын ішім сезеді. Маған шындықты айтсын. Ол маған шындықты білетін сияқты көрінеді", - дейді Әлиханның анасы.

Естеріңізге сала кетейік, бозбала кеудесіне автоматтан екі рет оқ атып қайтыс болған болатын. Қайғылы оқиға осы жылдың 17 қарашасында орын алған.

Өкінішке орай, дәрігерлер бозбаланы құтқара алмапты.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel