RU
"Юбка киіп жүрген жоқпыз": "Alem band" тобы өздерін сынағандарға жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Юбка киіп жүрген жоқпыз": "Alem band" тобы өздерін сынағандарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын атышулы Айжан Байзақовамен қатарынан екі клип түсірген "Alem band" тобын көпшілік аяусыз сынға алған болатын. "Ойбай Life" бағдарламасына қонаққа келген топ жігіттері көпшіліктен өздерінің өнері мен өмірін шатастырмауды сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Топ жігіттері өздеріне мысқылдаған өнер адамдарына қалай төтеп бергендерін айтты.

"Әртістер "Байзақова" деп күліп жатса, мән бермеңдер" деп продюсеріміз айтады. Ал шын мәнінде бізге ол қатты тиеді. Бір-бірімізді ұстап қалған жерлер де болды", - деп ағынан жарылды жігіттер.

Ашулы кезде бір-біріне басу айтатын жігіттер, олардың өнеріне ата-анасының қатысы жоқ екенін айтты.

"Біз юбка киіп жүрген жоқпыз ғой. Ата-анамызға тіл тигізеді. "Қарындастарың жоқ па?" деп жатады. Құдай сақтасын, қарындасымыз бар. Бірақ олар ондай болмай-ақ қойсын. Тиісіп, сөзбен тістеп кететіндер бар. Әке-шешеміздің өнерімізге қатысы жоқ қой. Ол кісілердің клипке қатысы жоқ. Бұл біздің образымыз, жұмысымыз. Ал өмірде басқамыз", - деді "Alem band" тобы.

Айта кетейік, осыған дейін "Alem band" тобы клипіне түскен Айжан Байзақоваға өмірде кез-келген адамның қолы жете бермейтінін айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, "Alem band" тобының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel