RU
"Alem band" Байзақовамен түсірген клипі үшін сынаған ағаларына өкпесін айтты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Alem band" Байзақовамен түсірген клипі үшін сынаған ағаларына өкпесін айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық "Alem band" тобы Байзақовамен клип түсіргені үшін аяусыз сынға алған өнердегі ағаларына өз өкпесін жеткізді. Атышулы арумен бір емес екі бейнебаян түсірген жігіттер "Ойбай Life" бағдарламасында елдің сынынан көз ашпаған сәттері жайлы айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Жас жігіттер бейнебаяндағы кадрлардың барлығы тек жұмыс барысы екенін түсіндірді.

"Бізді клип шықпай тұрып, психологиялық тұрғыдан дайындады. Расымен көп адам бізден теріс айналды. "Ағам" деп жүрген адамдардың жанымызда саусақпен санарлығы ғана қалды. Ол клиптің жұмыс екенін түсінгендер жанымызда қалды. Ал оны түсінбеген адамдар әлі ала көзбен қарап жүр", - деген топ жігіттері өздерінің еш өзгермегенін мәлім етті.
"Бірақ біз ол оқиғадан өзгеріп кетпедік. Бұрын қандай болдық, әлі күнге сондаймыз. Мына кісі бізді ренжітті деп теріс айналмадық. Ешкімнің алдынан өтіп кетпедік. Бәрімен амандығымыз түзу", - дейді "Ойбай life" бағдарламасына келген "Alem band" тобы.

Айта кетейік, осыған дейін "Alem band" клип үшін ата-анасына тіл тигізген адамдарға жауап қайтарған болатын.

Сондай-ақ жас жігіттер Байзақованың өмірде мүлде бөлек қыз екенін мәлім етті.

"Байзақоваға кез келгеннің қолы жетпейді", деген жігіттер тіпті үшінші клиптеріне де атышулы аруды кейіпкер етуі мүмкін екенін де жасырмады.

Естеріңізге сала кетейік, "Alem band" тобының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel