RU
"Отанымды сатпаймын": Ресейде жаттығып жүрген жас конькиші елден көмек сұрады
Жаңалықтар Спорт

"Отанымды сатпаймын": Ресейде жаттығып жүрген жас конькиші елден көмек сұрады

Рассказать Вконтакте

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде жеңіске жетіп, Қазақстан кубогын иеленген Гүлжан Жұмаділова бүгінде Ресейде жаттығып жүр. Алайда қазір қаржылық қиындыққа тап болған 16 жастағы спортшы коньки мен арнайы киім алуға және бапкерге төлеу үшін 825 мың теңге қажет екенін айтуда деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Видеодан кадр/ КТК

Фото: Видеодан кадр/ КТК
Source: Facebook

Қазір отандық жас спортшы жұптық мәнерлеп сырғанауға ауысқан. Алайда алай-дүлей сезімде жүрген ол жаңа коньки мен арнайы киімді, бапкерге төлейтін ақшаны қайдан аларын білмейді.

Ресейге аттанарда еш құзырлы органнан көмек ала алмаған Жұмаділова енді халықтан қаржылай көмек сұраймын деп отыр.

Себебі, мұндай қаражатты қарапайым отбасының қалтасы көтермейді. Осыған дейін де біраз қаржы жұмсаған жанұя Қазақстанның даңқын асырамын деген қыздары үшін тіптіттемір тұлпарларын да сатқан көрінеді.

Бақытжан Орманбеков. Фото: Видеодан кадр/ КТК

Бақытжан Орманбеков. Фото: Видеодан кадр/ КТК
Source: Facebook

"Машинаны сатуға тура келді. Қымбат емес, арзанырақ сатып жібердік. Тезірек Мәскеуге жүру керек болды ғой. Әкімдікке бір ай бұрын жазғанбыз. 15 күн күтіңдер деді. 15 күннен кейін қаржы жоқ деген жауап келді", - деді Гүлжанның әкесі Бақытжан Орманбеков.

Алайда қазір Эстонияда жүрген мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құраманың бас бапкері Құралай Үзірова елден көмек сұраған спортшының ісіне қатысты кейбір ақпарат дұрыс жетпеген деп есептейді.

Қүралай Үзірова. Фото: Видеодан кадр/ КТК

Қүралай Үзірова. Фото: Видеодан кадр/ КТК
Source: Facebook

"Олимпиадалық дайындау орталығы жаз айында керекті киімдерді сатып алу үшін спортшыларға қаржы бөлді. Гүлжан Жұмаділова да алған. Енді оған тек жұптық өнер көрсетуге және билеуге арналған коньки керек", - деді Үзірова.

Гүлжан Жұмаділова ресейлік демеушілердің өзіне көмектескісі келетінін айтты. Алайда бойжеткен "отанымды сатпаймын" деп отыр.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
5
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel