RU
"Alem band" тобының атышулы Байзақовамен үшінші клип түсіретіні рас па? (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Alem band" тобының атышулы Байзақовамен үшінші клип түсіретіні рас па? (видео)

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше ай бұрын атышулы Айжан Байзақовамен екі клипті қатарынан түсірген "Alem band" тобы тың жаңалығымен бөлісті. Тыңдармандарына жаңа ән ұсынатын топ жігіттері клиптерінің кейіпкері ретінде тағы да Байзақованы таңдағаны рас па? Бұл жайында "Ойбай Life" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Alem band". Фото: Топтың жеке парақшасынан, видеодан кадр

"Alem band". Фото: Топтың жеке парақшасынан, видеодан кадр
Source: Instagram

Жаңа клиптерінде шаштарын түрлі түске бояған "Alem band" тобының жігіттеріне бағдарлама жүргізушісі Мұхит Сапарбаев "Үшінші бейнебаяндарыңызда Байзақова ойнайтыны рас па?" деп сұраған.

"Ол клип шыққаннан кейін кездесуге баламен келеміз ғой", - деп топ жігіттері жаңа туындыны құпия қалдырды.

Айта кетейік, осыған дейін "Alem band" тобы өздерінің қос клипіне түскен Айжан Байзақованың өмірде еш жасандылығы жоқ, шынайы қыз екенін айтқан еді.

Жас жігіттер тіпті Байзақоваға кез келген жігіттің қолы жетпейтінін атап өткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, "Alem band" тобының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel