RU

Алматыда колледж студенттері есірткі заттарын жарнамалаған (фото)

Алматыдағы колледж студенттері есірткі заттарын жарнамалағаны үшін жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз бөліміне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз бөлімінен
Фото: Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз бөлімінен: UGC
"Біздің қызметкерлер колледжің үш студентін есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз жарнамалағаны үшін ұстаған.

Олар Әуезов ауданындағы тұрғын үйлердің қабырғасына қара түсті спрей-бояғыштар арқылы есірткінің жарнамасын салып кеткен.

Студенттерге тапсырыс берушілер осы қызметі үшін 500 теңгеден жоғары ақы төлейтіндерін айтыпты.

Енді бұл "суретшілер" ел заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады", - дейді Алматы полиция департаментінің подполковнигі Ерлан Алмағамбетов.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан есірткі саудалаушылардың жарнамасына алданып қалмауды және балаларының бос уақытта немен айналысатынын қатаң бақылауды сұрайды.

  • Кез-келген күдік туғызған адамның заңсыз әрекетін байқасаңыз, +7 708 300 0611, +7 776 088 8820 нөміріне хабарласып, есірткі саудалайтындар жолын кесуге көмектесе аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766090-almatyda-kolledz-studentteri-esirtki-zattaryn-zarnamalagan-foto.html