Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада мешіт жанына жалаңаш қыздардың суретін ілгендер ұятқа қалды (фото)

Опубликовано:

Астанадағы мешіт жанында жалаңаш қыздардың суреті бар жарнама пайда болды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Ермек Дайырбаев өз Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook.com/tolen.tleubay
Фото: facebook.com/tolen.tleubay: Facebook

Құлшылық орнына жақын жерде орналасқан LED экранда қыздардың тек қана іш киімде түскен суреттері көрсетілген.

Фото: facebook.com/tolen.tleubay
Фото: facebook.com/tolen.tleubay: Instagram
"Айналайын Астана, бұл не деген масқара. Құлшылық орны - мешітке жақын орналасқан мына лэд экрандағы жарнаманың сыйқы жаға ұстатады.

Бизнес үшін жарнаманың маңызына дау жоқ, алайда, иман ордасына жақын осындай орындарда не көрсетіліп жатқанын бақылайтын орын, қадағалайтын адам бар ма өзі?

Уақытында алдын алмасақ, бүгін мешіт маңында мынадай тағылым құралын қойғандар, ертең мектеп ауласына да орнатады. Сосын бұзық ойлы, бұзақы болмысты ұрпақ қайдан келді демеңдер...",- деп жазған Ермек Дайырбаев
Фото: facebook.com/tolen.tleubay
Фото: facebook.com/tolen.tleubay: Instagram

Фото: facebook.com/tolen.tleubay
Фото: facebook.com/tolen.tleubay: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1766091-astanada-mesit-zanyna-zalaas-kyzdardy-suretin-ilgender-atka-kaldy-foto/

pixel