RU
Шымкенттік оқушылар достарының суретін педофилдер қатарына қосып қойған
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік оқушылар достарының суретін педофилдер қатарына қосып қойған

Рассказать Вконтакте

Шымкентте мектеп оқушылары "What's app" әлеуметтік желісінде ата-аналарға педофилдер тобынан сақтандыру туралы жалған хабар таратқан. Кәмелетке толмағандарға зорлық көрсетушілер туралы шындыққа жанаспайтын мәлімет таратып, компьютерде суретті фотошоппен жасап алған балалардың жеке басын құқық қорғау органдары анықтады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: newsae.ru

Көрнекі фото: newsae.ru

Мектеп директорының айтуынша, фотошопты жасаған бала өз сыныптастарының суретін қойып, әзіл ретінде жасап көрген екен. Олардың барлығы да 11 сынып оқушылары.

"Бұл жағдай бірінші оқу тоқсаны аяқталған соң демалыс кезінде болған. Оқушылар мектеп қабырғасында смартфон ұстамайды. Демалыста үйінде әзіл ретінде үш досының суретін қойып осындай фотошопты достарына жіберген.

Балалардың барлығы да оқу озаттары. Математика пәнін тереңдетіп оқитын сынып оқушылары.

Балалармен де, ата-аналарымен де түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Балалықпен ойнап, әзілдеп жасаған қателігі үшін балалар да кешірім сұрап отыр", - дейді мектеп директоры.

Ал Шымкент қалалық полиция департаменті жалған ақпарат таратқан оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылатынын айтады.

"Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқушылар мен олардың ата-аналарына профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ата-аналарын жауапкершілікке тарту қарастырылуда.
Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға болмаса бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
1
0
7
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel