RU
Қазақстанды өзгеше елестеткен малайзиялық жігіт Астананы көріп таң қалған
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанды өзгеше елестеткен малайзиялық жігіт Астананы көріп таң қалған

Рассказать Вконтакте

Қазақстанға биылғы жылдың шілде айында келген Малайзия азаматы Афик Бин Джохар қазақтың ұлттық тағамдарына тәнті болғанын айтып, ағынан жарылды. "Астана" халықаралық қаржы орталығында жұмыс істейтін Афик елорданы алғаш көргенде оның көркіне таңдай қаққан екен. Жас маманмен сұхбат құрған NUR.KZ тілшісі шетел азаматының Қазақстан жайлы пікірін тыңдап қайтты.

Афик Бин

Афик Бин
Source: Depositphotos

- Афик, сіз Қазақстанға қашан келдіңіз? Өзіңіз қай жақтан боласыз?

- Мен Малайзия елінің азаматымын, есімім - Афик Бин Джохар. Қазақстанға шілде айында келдім, ол кезде мұнда ауа райы әлдеқайда жылырақ болған еді. Негізі былтыр алғаш рет EXPO көрмесіне келген едім. Өз елім туралы айтар болсам, Малайзия – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жылы әрі тропикалық ел болып саналады. Малайзияда 30 миллионнан астам халық бар. Онда үш негізгі этникалық топ: малайлар, кытайлар мен үнділер тұрады. Әдетте біз өзімізді Біртұтас Малайзияның бір бөлігіміз деп атаймыз, сондықтан Қазақстан сияқты елде болғаныма қуаныштымын.

- Астана жайлы не айта аласыз?

- Астанада қызық жерлер өте көп. Маған Астанада бәрінен бұрын тағамдар қатты ұнайды. Жергілікті асханада Батыс пен Шығыс дәмі айрықша үйлесім тапқан. Сүйіп жейтін тағамдарымның арасында бешбармақ, палау және лағман бар. Бірақ кей кезде тағамдар тұзды әрі майлы болып жатады. Сосын Астанада мәдени орындар өте көп. Астанадағы опера және балет театрының өзі қайда жатыр.

- Негізі Қазақстанды қандай ел деп көз алдыңызға елестеткен едіңіз?

- Инфрақұрылым жағы мен ойлағаннан дамып кеткен әрі заманауи болып шықты. Әрине біздің елдегі сияқты поездар көп болмағанымен, кез келген жерге такси арқылы жетуге болады.

- Астананы көпшілік өзі де, халқы да суық қала деп жатады. Келісесіз бе?

- Астана әлі тым жас қала, сондықтан алдағы 5-10 жылда Дубай мен Сингапур сияқты дамып, жылдам көтеріледі деп ойлаймын. Мұнда шетел азаматтарына барлық жағдай жасалған. Ал үлкен қалалардан келген адамдарға сәл қиындау болатын шығар. Себебі, қалада адамдар бос уақытын өткізетін жерлер аз. Бірақ уақыт өте келе мұндай жерлер көбейеді деп ойлаймын.

- Қазақстанға алғаш келгенде, қандай әсерде болдыңыз?

- Шыны керек, бұрындары Қазақстан жайлы көп білмейтін едім. Бір қызығы Малайзияда қазақстандық студенттер көп оқиды. Малайзиялықтардың көбі Еуропа, Лондон, АҚШ-қа саяхаттағанды ұнатады. Бірақ Қазақстанға келсе де керемет әсерде қалады деп ойлаймын. Себебі, сіздердің елдеріңіз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан және біздің елдер мұсылман елдері емес пе? Қазақстанға бірінші рет келгенде, EXPO-дағы зәулім ғимараттарға таң қалдым. Сондықтан былтырғы көрме маған қатты әсер етті, сол кезден бастап осы мемлекет пен оның халқын жақыннан тани бастадым.

- Қазір еліңізді сағынып жүрген жоқсыз ба?

- Малайзияда жергілікті малайлар, үнділер мен қытайлықтар көп болғандықтан, тағамдардың әркелкілігіне де шек жоқ. Сондықтан өзіміздің тағамдарды жиі сағынамын. Әрине Астанада да испандық тапас пен жапондық поревені табуға болады. Бірақ, біздегідей емес.

- Қазақстаннан өзіңізбен бірге нені алып кетер едіңіз?

- Осында тапқан достарымды шығар. Жалпы қайда жүрсем де достарыммен байланысты үзгім келмейді.

- Ал достарыңыз бен жақындарыңызға Қазақстан жайлы не айтып бересіз?

- Бірінші айтатыным – ауа райының қатты суық болатыны. Сосын Қазақстанның көрікті жерлері туралы айтып беретін едім. Әзірге мен тек Алматы, Астана және Қарағандыда болып көрдім. Бірақ естуімше сіздерде аралайтын жер көп: ормандар мен өзендер, таулы жерлер де бар. Отбасыма ең алдымен Алматыға, оның ішінде Шымбұлаққа келуге кеңес беруші едім.

- Қазақтар мен малайзиялықтардың арасында қандай айырмашылық бар?

- Қазақтар мен малайлықтар арасында ұқсастық көп. Малайзиялықтар да қазақтар сияқты емен-жарқын араласуды ұнатады. Бірақ біздің халық сұхбаттасып, әңгімелесу жағынан сіздерден де асып түседі ғой деймін.

- Қазақстанда әлі күнге дейін неге үйрене алмай жүрсіз?

- Негізі кез келген елдің мәдениеті мен тұрмыс-салтына тез үйреніп кетуге болады. Кез келген халық барынша ашық болса, оған сіңісіп кету де оңай. Сондықтан, қазір Қазақстанға біртіндеп үйрену үстіндемін.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel