RU
Қазақстанда жаңа жыл түні абоненттердің 46 пайызы байланыссыз қалады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда жаңа жыл түні абоненттердің 46 пайызы байланыссыз қалады

Рассказать Вконтакте

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі NUR.KZ редакциясының сұранысы бойынша SIM+ЖСН+IMEI тізбегімен тіркеуден өткен ұялы байланыс абоненттерінің саны туралы ақпарат берді.

Көрнекі фото: mail.kz

Көрнекі фото: mail.kz
Source: Instagram

"Белсенді абонент" деп соңғы үш айда шоты толтырылған SIM-картаны атай аламыз.

Ал анықталған ақпарат бойынша, "Кар-Тел" ЖШС- Beeline байланыс операторының 10 млн белсенді абонентінің 80 пайызы, яғни, 8 млн абоненті тіркеуден өткен.

Ал "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС - Tele2 мен Altel байланыс операторларының 7 млн белсенді қолданушыларының 71 пайызы, яғни, 5 млн қолданушысы тіркелген екен.

Соңғы "Кселл"АҚ- Activ және Kcell байланыс операторларының 9,2 млн қолданушысының ішінде 12 пайызы, яғни, 1,13 млн қолданушысы тіркеуден өтіпті.

Қорытынды бойынша, жалпы Қазақстан ұялы байланыс операторларында 26,2 млн белсенді абонент болса, оның ішінде 14,13 млн қолданушысы тіркеуден өткен. Бұл барлық белсенді абоненттердің 54 пайызын құрайды.

Ұялы байланыс абоненттерін тіркеуден өткізу жолдары туралы қосымша хабарлаймыз.

1. "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС - Tele2 мен Altel операторлары бойынша:

  • Абонентті өз бетінше тіркеуді 6914 нөміріне ЖСН нөмірін жазып жіберу арқылы, *6914# командасына ЖСН нөмірін теру арқылы жүзеге асыруға болады;
  • Абонентті сату және қызмет көрсету кеңселері арқылы тіркеу мүмкіндігі бар;
  • Абоненттің тіркелген-тіркелмегенін *6914# USSD-командасын теру арқылы анықтау керек;
  • Абонентті http://imei.altel.kz немесе http://imei.tele2.kz сайтына ЖСН нөмірін жіберу арқылы тіркеуге болады;
  • Тіркеудің дұрыс өткенін *835# командасын теру арқылы анықтау керек;
  • Қайта тіркелу үшін Tele 2 немесе Altel байланыс салондарына бару қажет.

2. "Кар-Тел" ЖШС (Билайн):

  • Абонентті өз бетінше тіркеуді 6914 нөміріне ЖСН нөмірін жазып жіберу арқылы, *691# командасына ЖСН нөмірін теру арқылы жүзеге асыруға болады;
  • Абонентті өз бетінше "Менің билайным" қосымшасы бойынша, 6914 нөміріне хабарласу арқылы, Qiwi терминалдарымен тіркеу мүмкіндігі де бар.
  • Абоненті сату мен қызмет көрсету орындарында, "Қазпошта" АҚ бөлімдерінде немесе www.beeline.kz сайты арқылы да тіркей аласыз.

3. "Кселл"АҚ (Актив және Кселл):

  • Абонентті өз бетінше тіркеуді 6006 нөміріне ЖСН нөмірін жазып жіберу арқылы, *660# командасына ЖСН нөмірін теру арқылы жүзеге асыруға болады;
  • Абонентті өз бетінше kcell.kz или active.kz сайттарындағы жек кабинетке кіру арқылы тіркей аласыз.
  • Абоненттерді сату-қызмет көрсету орталықтарында да тіркеу мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, бір абонент құрылғыға бірнеше абонент нөмірлерін тіркей алады. Сондай-ақ, бір абоненттік нөмір бірнеше абоненттік құрылғыға тіркеле алады. Ал нөмірін тіркеуден өткізбеген қазақстандықтар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап байланыс қызметі мен ғаламторды пайдалана алмайды.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel