RU
Шемонаихада шошқа етін ұрлап, оны тауыса алмаған азамат масқара болды
Жаңалықтар Қоғам

Шемонаихада шошқа етін ұрлап, оны тауыса алмаған азамат масқара болды

Рассказать Вконтакте

Красная Шемонаиханың тұрғыны 45 жастағы ауылдасынан 50 келі шошқа еті мен үш литрлік банкідегі шошқа майын ұрлаған. Әйел адам ұрлықты екі аптадан кейін анықтаған деп жазады ALTAYNEWS сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

au.ru

Көрнекі фото:au.ru
Source: Facebook

Ет ұрланғанын білген тұрғын дереу полицияға хабарласыпты. Ол материалдық шығын көлемін 37 мыңға бағалаған.

"Жәбірленуші кіре берістің есігін ашық қалдырып, ұрының еш бөгетсіз кіруіне өзі себепкер болғанын мойындады", - деді Шығыс Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Полицияға кеш хабарласқанына қарамастан, жедел іздестіру тобы құрылып, қылмысты тергей бастаған.

Көп ұзамай ұрлықшының бұрын да осындай қылмысы үшін жауапқа тартылған 32 жастағы Шемонаиха тұрғыны екені анықталады. Ұрланған ет пен май иесіне қайтарылған.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 188 бабының екінші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel