Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде қызметші әйел қонақүй бөлмесінен ақша ұрлап, ұятқа қалды

Опубликовано:

Өскмендегі қонақүйлердің бірінде жанжал шықты. Аягөзден келген әйел бөлмеде қалдырып кеткен 46 мың теңгесін қайтып келгенде таба алмай қалған деп хабарлайды altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: rua.gr
Көрнекі фото: rua.gr: Getty Images

Қонақүй қызметшісі Аягөзден келген қонақтың бөлмесін жинауға кіргенде жастықтың астында тұрған ақшаны қолды қылған.

"Жәбірленуші бірден 102 нөміріне хабарласып көмек сұраған. Полицейлер оқиға орнына дереу жетіп, ұрлықшыны ұстады. Ол 51 жастағы қызметші әйел болып шықты.
Ақша ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - дейді тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1766111-skemende-kyzmetsi-jel-konakj-blmesinen-aksa-rlap-atka-kaldy/

pixel