Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орынборда бес адам қаза болған жол апаты орнында бума-бума ақша табылған (фото, видео)

Опубликовано:

Ақтөбедегі төтенше жағдай департаментінің мамандары Ресей аумағында болған жол оқиғасы туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқиға орнына фото: life.ru
Оқиға орнына фото: life.ru: Depositphotos

Жол апатының себебі әлі анықталмады. Бірақ жолаушылардың арасында зат тасу үшін барған адамдар болыпты. Олардың жеке заттарының арасынан бума-бума ақша табылған.

Марқұм Оразгүл Тәжімұраттың туыстары оның Ресейге тауар тасуға шыққанын айтуда.

"Ақтөбе облысының жергілікті атқару органдарымен Орынбормен байланыстар орнатылды. Орынбордағы мәйітханадан сағат 13:30-да қаза болғандардың денелері алынады. Жол апатынан кейін көліктердің қай бағытқа бет алғаны түсініксіз.

Қаза болғандардың туыстарымен кездесу кезінде олар жолаушылардың Ресейге жолға шыққанын айтты. Олардан ірі көлемде ақша табылды", - дейді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Қасымов.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: Facebook

ТЖД өкілінің айтуынша, олар марқұмдардың жақындарын іздеп табу үшін ақпараттарды әлеуметтік желі арқылы таратқан. Қара жамылғандар содан кейін екі сағат ішінде байланысқа шығыпты.

Жол апатынан қаза болғандардың үшеуі Ақтөбе облысының, екеуі Қызылорда облысының тұрғындары. Мәйіттерді Қазақстанға жеткізу жұмыстары жол ашық болса түстен кейінге жоспарланған.

Еске салсақ, қайғылы жол-көлік оқиғасы 28 қараша күні "Қазан-Орынбор-Ақбұлақ" трассасында сағат 10:05 шамасында тірелді. Нәтижесінде бес адам қаза болып, екі адам ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1766115-orynborda-bes-adam-kaza-bolgan-zol-apaty-ornynda-buma-buma-aksa-tabylgan-foto-video/

pixel