RU
Сапарбаев Ақтөбедегі жетім балалардың санын қалай азайтқанын айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Сапарбаев Ақтөбедегі жетім балалардың санын қалай азайтқанын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Бердібек Сапарбаев Ақтөбе өңіріндегі ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сапарбаев облыстағы жетімдер санын 400-ден он бірге қалай азайтқанын айтты

Бердібек Сапарбаев. Фото: Aktobenews.kz
Source: Facebook

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Қазақстанда жетімдер болмау керектігін айтып жүр. Президенттің арманы бұл. Егер әке-шешесі болмаса, басқа біреу әке-шеше болуы керек, қамқорлыққа алуы керек.

Экономиканың жақсаруына байланысты жетім балалар саны азайып келеді. Осыдан үш жыл бұрын Ақтөбе облысындағы Алға балалар үйінде 400-дей жетім бала болса, қазір 11 адам қалды.

Оларды бүгінде Ақтөбеге алдыртып, орналастырдық. Ал Алғадағы балалар үйін жаптық", - деді облыс басшысы.

Өңірде "Мейірім" деген атаумен акция өтетінін тілге тиек еткен Бердібек Сапарбаев жетім балаларды демеушілерге бекітіп бергенін де жасырмады.

Бала, демеуші және тұрғын үй жинақ қоры арасында үшжақты келісім жасалады екен. Осылайша қамқоршысы мүмкіндігіне қарай баланың шотына қаражат құйып отырады.

"Өзімнен бастап, барлық мемлекеттік қызметкерге бір баладан бекітіп бердік. Рақышевтер отбасына қарасты "Сәби" қоры 1,3 млрд теңгеге орталық салып берді. 4 корпусы бар кешен 111 адамға есептелген. Бүгінде онда 18-29 жас аралығындағы 110 адам тұрып жатыр. Жұмыс істейді, шоттарына ақша жинап жатыр", - деді облыс басшысы.

Бұл бағытта еріктілер мен кәсіпкерлерді де жұмылдыру керектігін айтқан Сапарбаев өңірдегі қарттар үйінің де жағдайын сөз етті.

"Ұлт үшін ұят. Өкінішке орай, соңғы кезде кейбір азаматтар әке-шешелерін қарттар үйіне апарып тастап жатыр. Әке-шеше баланы дүниеге не үшін әкеледі? Неге тәрбиеледі? Біз әке-шешеге жағдай жасауымыз керек қой. Қалған өмірлерін жақсы сүрулері үшін көмектесуіміз керек", - деді әкім.

Сапарбаев қарттар үйіне де демеуші тарту үшін жұмыс жасау керектігін айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel