RU
"Ұйқыны қою керек": Жақсылық Үшкемпіров Ақтөбе жастарының намысын қайрады
Жаңалықтар Қоғам

"Ұйқыны қою керек": Жақсылық Үшкемпіров Ақтөбе жастарының намысын қайрады

Рассказать Вконтакте

Қазақтың алғашқы олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров Ақтөбе қаласына іссапармен келіп, спорттық нысандарды аралады деп хабарлайды Aktobenews.kz.

aktobenews.kz

Фото:aktobenews.kz
Source: Facebook

Қазақтың беделді спортшысы Есет батыр атындағы мектеп-интернат колледжіне барып, өсіп келе жатқан ұрпаққа жетістікке жетудің сырларын үйретті.

"Ұйқыны қою керек. Мен алып жігіт болмасам да, бүкіл дүниежүзін бағындырдым. Ал сендер таудай жігітсіңдер, әлі де өсесіңдер. Қазақ деген атымызды бүкіл әлемге танытуымыз керек. Былжырап жүре берсеңдер, түк те шықпайды. "Қазақстан" дегенде жүрегімізді суырып беретіндей болуымыз керек", — деді Жақсылық Үшкемпіров.

Жақсылық Үшкемпіров қазіргі кезде жастарға жол ашық екенін алға тартты. Бұрынғы кездерді есіне түсіріп, 15 республиканың ішінен бір адам ғана жарысқа барғанын тілге тиек етті. Спортшы Кеңес Одағының чемпионы болса да, 25 жасында Монреальге бара алмаған екен. Төрт жыл күтіп, 30 жасында ғана олимпиадаға жолдама алып, чемпион атанған.

"Елім, халқым, жерім деп аянбай тер төгіп, жұмысты аяғына дейін жеткізу қажет", — деді қазақтың тұңғыш чемпионы.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel