RU
Орынборда жол апатынан көз жұмған ақтөбелік жүргізушіге қатысты деректер шықты
Жаңалықтар Қоғам

Орынборда жол апатынан көз жұмған ақтөбелік жүргізушіге қатысты деректер шықты

Рассказать Вконтакте

Орынбор облысының аумағында жол апатына ұшыраған "Фольксваген Шаран" автокөлігін басқарған жүргізушінің туыстары қайғылы жағдайға ешкімді кінәлай алмайтындарын айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Марқұмның інісі Мирас Тәңірбергенов

Марқұмның інісі Мирас Тәңірбергенов
Source: Facebook

31 жастағы Серік Қуановтың артында үш баласы қалған. Балаларының алды мектепке барса, кішісі жеті айлық екен.

"Бұл жағдай туралы таныстарымыздан телефон арқылы естідік. Алғашында тек жол оқиғасы деп хабарланды кейін қаза туралы жеткізді. Ағам сол күні таңғы сағат 7-лер шамасында жолға шықты. Кетіп бара жатқандарын айтып бір рет хабар берді. Кейін байланыс болмай қалды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қарсы беттен оған жүк машинасы келіп соққан. Ауа райының қолайсыздығына байланысты осындай жағдай болып тұр", - дейді марқұмның інісі Мирас Тәңірбергенов.

Марқұм бұрын теміржолшы болып істеген. Ол Ресейге бет алған автокөлікті басқарған.

Айта кетейік, күні кеше Орынбордағы тас жолда апат болып, ақтөбелік бас адам қайтыс болған еді.

Кейіннен қаза болған марқұмдардың қай өңірдің тұрғындары екені анықталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
9
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel