RU
Кеудесін пластикалық отамен үлкейтіп алған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Кеудесін пластикалық отамен үлкейтіп алған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазіргі таңда өнер иелері пластикалық отаның көмегімен сұлулығын еселей түскенін жасырмайтын болған. Жұлдыздардың арасында қабағын үлкейтіп, бетін тарттыру сәнге айналса, олардың кейбірі кеудесін де арнайы отамен үлкейтіп алған. NUR.KZ порталы назарларыңызға кеудесіне пластикалық ота жасатқан танымал аруларды ұсынады.

Байзақова, Луина, Әсел Асқар. Фото: hommes.kz, әнші мен актрисаның жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Байзақова, Луина, Әсел Асқар. Фото: hommes.kz, әнші мен актрисаның жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Source: Instagram

Бұл көшті атышулы Айжан Байзақова бастап тұр. Өзінің өнердегі жолын актрисалық бағытта бастаған ару, өткен жылы жұртқа кеңінен танылды.

Отандық бағдарламаға қонаққа келген Байзақова омырауын үшінші өлшемге дейін үлкейткенін жасырмай айтып берген болатын.

Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар да пластикалық отаның көмегіне жүгінетінін көпшіліктен жасырмады.

Актриса өзінің Instagram парақшасында кеудесін пластикалық ота жасатуға шешім қабылдағанын жазды.

Әсел Асқардың айтуынша, бұл ота болашақта бала емізуге де кедергі келтірмейтін көрінеді.

Биылғы жылдың сәуір айында кеудесін пластикалық отамен үлкейткенін Луина да жасырмай жайып салған болатын.

Әнші өзінің жаңа кеудесіне біраз уақыт үйрене алмағанын да айтып берді.

Айта кетейік, бұл тізімде отандық танымал вайнер Карина Өксікбаева да кеудесіне ота жасатқан болатын. Алайда ол өзге әріптестері секілді кеудесін үлкейтпеген.

Оның айтуынша, кеудесінің өлшемі екі түрлі болған. Ана атанғаннан кейін "Юфрейм" вайнері бұл олқылықтың орнын толтырғанын мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Луинаның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
13
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel