RU
2018 жылы мол табысқа кенелген жұлдыздар кімдер?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

2018 жылы мол табысқа кенелген жұлдыздар кімдер?

Рассказать Вконтакте

2018 жыл Қазақстан жұлдыздары үшін табысты жыл болды. Жыл бойы маңдай терін төгіп еңбектеніп, жақсы табысқа кенелген жұлдыздар рейтингін HIT TV арнасының "Headliner" бағдарламасы жасаған деп хабарлайды NUR.KZ.

1show.kz, brod.kz, interesnoe.me, newmuz.kz

Фото:1show.kz, brod.kz, interesnoe.me, newmuz.kz
Source: Facebook

Халық қалаулысы болып, көрерменнің ықыласына бөлену барлық адамның қолынан келе бермейді. Шоу-бизнестің қатал заңдарына төтеп беріп, сұранысқа ие болудың қаншалықты қиын екенін жұлдыздар жақсы біледі. Жұлдызға деген сұраныс артқан сайын, тапқан табысы да ұлғая түседі.

Назарларыңызға ең табысты жұлдыздар бестігін ұсынамыз.

1. Қайрат Нұртас

Әнші бір жылда екі жарым миллион доллар тапқан. Жақында Қайрат үлкен сауда орталығын ашуды жоспарлап отыр.

2. Нұрлан Қоянбаев

Шоумен, кәсіпкер және ең бастысы білікті продюсердің жылдық табысы бір жарым миллион доллар. Ал жуырда шығатын жаңа фильмінің қалтасын қанша ақшаға толтыратыны әзірге беймәлім.

3. Тұрсынбек Қабатов

Үнемі ізденісте жүретін Тұрсынбек Қабатовтың бір жылғы табысы бір миллион долларға жеткен. Әртіс бір той үшін бес миллион алса, корпоративті кеш үшін жеті миллион сұрайды деседі.

4. Ерке Есмахан

Көңілді кештердің жұлдызына айналған арудың жылдық табысы 850 мың долларға жеткен. Соңғы түскен "Махаббат кафесі" фильмінен түскен табыс есепке алынбады. Ел арасында Еркенің әл-ауқаты Баян Мақсатқызынан да көп деген қауесеттер тарауда.

5. Айқын Төлепберген

SuperStar жобасы арқылы танылған әншінің жылдық табысы 600 мың доллардан асады. Жұлдыз Өмірғалимен тағдырын қосқан әншінің жарнамаға түсуі мен тойға баруы көбейген.

Сіздің реакцияңыз
4
3
1
0
0
3
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel