Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте университеттің 75 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің ескерткіші ашылды

Опубликовано:

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдығына орай,  жазушы Мұхтар Әуезовтің ескерткіші мен жаңадан жасақталған «Мұхтартану» орталығы ашылды.

Шымкентте университеттің 75 жылдығына орай М.Әуезовтің ескерткіші ашылды

Ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі, Түркістан облысының және Шымкент қаласының әкімдері, зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Шымкентте университеттің 75 жылдығына орай М.Әуезовтің ескерткіші ашылды

Биіктігі 5 метрден асатын ескерткіштің авторы Жақып Құттыбек. 

Шымкентте университеттің 75 жылдығына орай М.Әуезовтің ескерткіші ашылды

Жаңадан ашылған орталықта ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығымен кеңінен танысуға болады.

Шымкентте университеттің 75 жылдығына орай М.Әуезовтің ескерткіші ашылды

Мерекелік шара жастар шеруімен жалғасып, университет тарихын баяндайтын фотокөрмеге ұласады. 

Шымкентте университеттің 75 жылдығына орай М.Әуезовтің ескерткіші ашылды

Осы айтулы датаға орай, университет жанынан «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылған болатын. Мұнда тәлім алушылар өздері жайында барлық ақпаратты біле алады. 

Шымкентте университеттің 75 жылдығына орай М.Әуезовтің ескерткіші ашылды

Сонымен қатар, білім ордасының «А» корпусы алдынан Сұлтан Сүлейменовтің еңселі ескерткіші ашылды. Тұғырлы тас мүсін есімі университеттің алғашқы кафедрасымен бірге айтылатын академик - Сұлтан Сүлейменовтің құрметіне орай орнатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1766150-symkentte-universitetti-75-zyldygyna-oraj-mhtar-uezovti-eskertkisi-asyldy/

pixel