RU
Ернар Айдар 180 теңгенің жейдесін киген күнін еске алды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ернар Айдар 180 теңгенің жейдесін киген күнін еске алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы Ернар Айдар Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бала кезіндегі суретін жариялады деп жазады NUR.KZ.

Жаңадан сатып алған киімін көрсетіп, жұрттың сынына қалған Ернар Айдар бала кезінде түскен суретін көрсетті. Әнші кішкентайында 180 теңгенің жейдесін кигенін, қазір "болдым, толдым" деп мұрнын шүйіретін адам емес екенін жеткізді.

"Кешегі суретіме біраз адам ұрсыпты, көбісі жақсы тілектерін жазыпты, иә бұл өмірдің заңдылығы. Мен болдым, толдым деген адам емеспін, уайымдамаңыздар. Өткенімнен қысқаша айта кетейін, кезінде 180 теңгелік жейдесін де кигенбіз. Алланың бергеніне де, көрсеткеніне де шүкір", - деп жазған ол.

Сахна серісінің бұл суретін көрген желі қолданушылары оған алғыс білдіріп, ақ тілектерін жаудырды.

Сіздің реакцияңыз
8
1
0
0
3
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel