RU
Омск қаласына бет алған Air Astana ұшағы Астанаға қайта қонды
Жаңалықтар Қоғам

Омск қаласына бет алған Air Astana ұшағы Астанаға қайта қонды

Рассказать Вконтакте

Air Astana ұшағы Омск әуежайына қона алмаған. Әуе кемесіне жолаушылармен бірге Қазақстанға қайтуға тура келген деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

abctv.kz

Көрнекі фото: abctv.kz
Source: Facebook

Air Astana ұшағы бүгін таңертең "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайынан Омск қаласына ұшып шыққан. Алайда қолайсыз ауа райының салдарынан ресейлік әуежай ұшақты қабылдай алмай, ұшақ Астанаға кері қайтарылған.

Астана әуежайының өкілдері жолаушыларды кешкі рейспен Омск қаласына жіберетіндерін хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, Омск қаласында қалың қар жауып, көлік жүресі тоқтап, ұшақ рейстері кейінге қалдырылуда.

Бүгін Астана қаласында да қарлы боран соғып, мектептегі сабақтар тоқтатылған.

Бірақ ауа-райының қолайсыздығы әуежайдың жұмысына әсер етпеген.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel