RU
Алматы маңында жол апаты болып, жеті оқушы ауруханаға түсті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы маңында жол апаты болып, жеті оқушы ауруханаға түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы маңында оқушылар мінген шағын автобуыс жол апатына түсіп, жеті бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz
Source: UGC

Жол-көлік оқиғасы Алматыдан 27 шақырым жердегі Қаскелең тас жолында орын алған.

Мектептің Mercedes Sprinter маркалы шағын автобусы қалаға қарай келе жатқан. Қарсы беттен Mitsubishi Galantкенеттен оның алдынан шығып, бетпе-бет соқтығысады.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz
Source: UGC

Апаттан жеті оқушы түрлі жарақаттар алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы балалардың Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілгенін айтуда.

Медициналық тексерістен кейін оларды аудандық балалар клиникалық ауруханасына алып кеткен. Тағы үш оқушы мен бәр ересек адамды үйіне жіберіпті.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz
Source: UGC

Ал жеңіл жарақат алған жүргізушілер, ауруханаға барудан бас тартқан.

Полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel