RU

Ойын кезінде футболшының желкесі үзіліп кетті

Оңтүстіккореялық «Гвангю» футбол командасының қорғаушысы Сюнг-Мо Ли ойын кезінде аса ауыр жарақат алған деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот: Depositphotos

Оқыс жағдай команданың «Тэджон Ситизенге» қарсы ойын кезінде орын алған.

Матчтың сегізінші минутында 20 жастағы футболшы қарсыласының үстінен секіріп кетіп, жерге мойнымен құлаған. Спортшыға медициналық қызметкерлер бірден келіп көмек көрсеткен.

Олар қорғаушыны зембілге жатқызып, жедел жәрдем көлігіне алып кетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766215-ojyn-kezinde-futbolsyny-zelkesi-zilip-ketti.html