RU
Бразилиядан жасы 118-ге жеткен қария табылды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бразилиядан жасы 118-ге жеткен қария табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бразилияның Итажуипи қаласында 118 жастағы қария тұратыны анықталды. Егер оның жас шамасы расталса, әлемдегі ең егде жастағы адам ретінде танылмақ деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru
Source: Getty Images

Жозе Феррейра дос Сантостың туу туралы куәлігінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес, ол 1900 жылдың 19 қарашасында дүниеге келген. Ал осыған дейін ең ұзақ өмір сүрді деп тіркелген жапондық Канэ Танаки одан үш жасқа кіші болып шықты.

Қазір қарияның жүріп-тұруы қиындаған. 58 жыл фермада жұмыс істеген Сантос қазір төсек тартып қалыпты.

Егде жастағы тұрғын 1940 жылы өзінен 20 жас кігкентай бойжеткен Линдаура Роше ди Жезуске үйленеді. Қазір 98 жасқа толған жары тұрмыс құруына ата-анасының қарсы болғанын айтып отыр.

Ұзақ өмір сүруші туралы жергілікті блогер кездейсоқ біліп қалған. Енді ол қарияны Гиннестің рекордтар кітабына енгізу үшін құжаттар жинап жатқан көрінеді.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel