RU
Ақтөбеде алтыншы сынып оқушысы өзге жеткіншекті пышақпен ұрған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде алтыншы сынып оқушысы өзге жеткіншекті пышақпен ұрған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде алтыншы сынып оқушысы бесінші сынып оқушысына пышақпен ұрған. Оқиға сабақтан кейін болған деп хабарлайды Диапазон басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Анна Бессонова, ИА PrimaMedia

Фото: Анна Бессонова, ИА PrimaMedia
Source: Depositphotos

№14 мектептің директоры Баян Алиеваның сөзінше, оқушылар арасында жанжал туындаған. Олардың бірі өзгені балағаттан. Сабақтан кейін олар мәселені көшеде шешпек болыпты.

Сөйтіп, алтыншы сыныптың оқушысы өзінің оппонентін арқасынан пышақпен ұрады. Алиеваның айтуынша, зардап шеккен жеткіншек жеңіл жарақат алған. Оны ауруханаға жатқызудың қажеттілігі болмапты.

"Бұндай жағдай біздің мектепте бірінші рет болып тұр. Біздң ешбір баламыз полицияда тізімде тұрмайды. Біз екі жеткіншектің ата-анасымен де сөйлесетін боламыз", - дейді мектеп директоры.

Қазір полицейлер оқиғаның мән жайын анықтап жатыр.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel