RU
Атырауда бір жарым жыл бойы жасырынып келген қылмыскер ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда бір жарым жыл бойы жасырынып келген қылмыскер ұсталды

Рассказать Вконтакте

Атырауда адам өлтіріп, бір жарым жыл бойы жасырынып жүрген қылмыскер ұсталды. Күдікті сегіз жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: kazanreporter.ru

Көрнекі фото: kazanreporter.ru
Source: Facebook

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол жанжал кезінде тек өзінің қорғанғанын айтты. Алайда оның кінәсі іс материалдарындағы зерттеумен толық дәлелденген.

"Сот барысында анықталғандай, бір жарым жыл бұрын сотталушы жанжал кезінде танысын ұрған. Ер адам есін жимастан, Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмады. Сол түні сотталушы зардап шегушінің қайтыс болғанын естіп, тергеуден жасырынған және оған іздеу салынған. Күдіктіні Қазақстанның басқа өңіріндегі полицейлер ұстаған.
Айыпталушы соттың үкімімен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Бұдан бөлек, сотталушыдан 3 млн теңге көлемінде моральдық залал, 200 мың теңге көлемінде өкілдік шығындар және мемлекетке 566 904 теңге өндірілді", - деп ақпарат берді Атырау қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel