RU

Конор Макгрегор жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

UFC жұлдызы Конор Макгрегор жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы sport.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден: Instagram

Ирландиялық спортшы Килдэрдегі тас жолда сағатына 100 шақырымның орнына 154 шақырым жылдамдықпен жүрген.

Нәтижесінде иралндық спортшы алты айға жүргізуші куәлігінен айырылып, 1000 еуро айыппұл төледі. Ол сотқа келіп, өз кінәсін мойындаған.

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, сот ісі аяқталғанша Конор өз жанкүйерлерімен жүздесіп, әңгімелескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766235-konor-makgregor-zarty-zylga-zrgizusi-kuliginen-ajyryldy.html