RU
Қазақстандықтар Косовода бүйректерін 15 мың еуроға сатпақ болған
Жаңалықтар Әлемде

Қазақстандықтар Косовода бүйректерін 15 мың еуроға сатпақ болған

Рассказать Вконтакте

Косово Республикасының апелляциялық соты бүйректі алу мен сату бойынша заңсыз операциялар жүргізгені үшін айыпталған "Медикус" клиникасының иесі мен анестезиологқа қатысты істі қайта жаңғыртуды сұрады. Құрбандардың арасында біздің отандастарымыз да болған деп хабарлайды "Balkan Transitional Justice" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ru.korupciya.com

Көрнекі фото: ru.korupciya.com
Source: Instagram

Басылым Косоводағы "Медикус" клиникасында бүйрек ауыстыру бойынша заңсыз операциялар жүргізгенін айтып отыр. Олар құрбандарға дене мүшесі үшін 15 000 еуро төлеуге уәде берген.

Бұл арбауға түскен азаматтардың арасында қазақстандықтар да бар. Олар мұндай қомақты қаржыны алу үшін клиникаға өздері баруға келіскен.

Сонымен қатар, дәрігерлер медициналық орталыққа Түркия, Ресей және Молдовадан келген туристерді алдау жолымен тартқан. Осылайша, ақ халаттылар өз құрбандарының бүйрегін бай шетелдіктерге сатып, 679 000 еуроға жуық табыс тауыпты.

Клиникадағы кінәрат Приштина әуежайында ауырып қалған Түркия азаматы арқылы анықталған. Ол уақытта ер адамның бүйрегі алынып қойған екен.

Бұл жағдайлар 2008 жылы орын алған. Артынша полицейлер аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, клиниканы жауып тастаған еді.

Сот шешімімен клиниканың иесі Лутфи Дервиши мен бас анестезиолог Хайдини Соколов тиісінше 7,5 және бір жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, медициналық орталық басшысына 8 мың еуро айыппұл салынған болатын.

Арынша сотталушылардың адвокаттары сот жарыссөзі кезінде көптеген іс жүргізу қателіктеріне жол берілгенін дәлелдей отырып, үкімнің күшін жоюға қол жеткізген еді.

Алайда жақында ғана Косово аппелияциялық соты істі қайта жаңғыртуға сұраныс жіберген.

Сіздің реакцияңыз
1
4
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel