Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин әйгілі Мессимен кездесті (фото, видео)

Опубликовано:

Атақтары жер жарған әлемнің танымал екі жұлдызы Барселонада кездесті. Геннадий Головкин Лионель Мессиге қолғабын сыйға тартқан. Олардың жүздесу сәтінен видео желіде тараған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: twitter.com/kengesr
Фото: twitter.com/kengesr: Facebook

Қазақстандық боксшы мен аргентиналық футболшының кездесуі SIRIN Labs компаниясы ұсынған алғашқы блокчейн-смартфонның таныстырылымы аясында өткен.

Спортшылар естелікке бірге суретке түскеннен кейін, GGG футболшыға өзінің қолғабтарын сыйға тартты.

Ал кадрдан отандасымыздың сыйлығын ұстап тұрған Мессиді байқауға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін аргентиналық футболшының қазақстандық-израильдік бірегей жобаның елшісі атанғаны белгілі болған. Смартфонның тұсаукесерінен оның негізін қалаушы Моше Хогег пен қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышевті де байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1766261-golovkin-jgili-messimen-kezdesti-foto-video/

pixel