RU
Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған Түркия азаматы ұшты-күйлі жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған Түркия азаматы ұшты-күйлі жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Сот жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтеріп, оны соққыға жыққан Түркия азаматына қатысты істі қараусыз қалдырды. Себебі, полицейлер Әли Демирдің қайда екенінен бейхабар болып шыққан деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Али Демир, Николай Кучма. Фото: time.kz, видеодан скриншот

Фото: Али Демир, Николай Кучма. Фото: time.kz, видеодан скриншот
Source: Facebook

Қалалық соттың мәліметінше, ол 3 қараша күні Түркияға ұшуы керек болған. Алайда шекарашылар Демирдің арғы бетке өтпегенін айтыпты.

Енді полицейлер оынң мекен-жайын анықтап, тапқанша іс әзірге тоқтайды.

"Қазіргі уақытта шекараны кесіп өтпегені ғана бізге белгілі. Азаматтық кодекске сәйкес елден шығарылуы тиіс азаматтың сотқа қатысуы міндетті. Соған байланысты шағымданушы тарап, яғни полиция істі әзірге қарамауды өздері өтінді", - деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Диас Махамбетов.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда жол бойында ашуға булыққан Түркия азаматы жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан болатын. Артынша Әли Демир өз ісі үшін кешірім сұрап, кейін жәбірленуіші оған кешірім берген еді.

Алайда Алматы полициясы түркиялық азаматты елден шығаруды талап еткен.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel