RU
Би алаңында ақшаны уыстап шашқан ер адам желіде қызу талқыға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Би алаңында ақшаны уыстап шашқан ер адам желіде қызу талқыға түсті

Рассказать Вконтакте

Syrymdy_aytamyn Instagram-парақшасында ақшаны уыстап шашқан ер адамның видеосы тарап кетті. Үйдің ішінде би ұйымдастырған азамат өзінің замандастарына бір бума көк қағазды шашу қылған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр
Source: Instagram

Желіге таралған видеоны тамашалаған көпшілік ер адамның бұл әрекетіне қайран қалғандарын жасырмады.

"Керемет", "Өз көңілдерін өздері көтеріп жатыр", "Шашса өз адамдары ғой", "Аядай бөлменің ішіне шашқан ақшасын көре алмай не көрініпті", "Бәрі риза, өзі де мәз", "Барлығы мәз болып жүр ғой. Тіпті ақша жинап жатқан кішкентай балаға дейін" деп пікір білдірді көпшілік.

Тіпті мұны жалған ақша деп ойлағандар да табылды.

"Өтірік ақша шығар", "Осынша ақшаны шашады дегенге сенбей тұрмын" деп жазды.

Айта кетейік, видеоның қайда түсірілгені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel