RU
Алматылық жігіттер арзан бағаға пәтерін жалдап, жас қыздарды қолға түсіруде
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық жігіттер арзан бағаға пәтерін жалдап, жас қыздарды қолға түсіруде

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы пәтерақы аспандағы айды сұрап тұр. Шеттен келген жастар үшін ондай ақшаны ай сайын тауып беру оңай емес. Осы тұста жас қыздарға арзан бағаға жайлы пәтер ұсынатын ер адамдар көбейген деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: vendetupagina.info

Көрнекі фото: vendetupagina.info
Source: Depositphotos

Жылжымайтын мүлікті жалға беру-алу сайттарынан бөлек әлеуметтік желідегі осы іспетті топтарда пәтері бар жігіттердің хабарландыруынан көз сүрінеді.

Әдетте мұндай хабарландырулар бірден көзге түседі. Себебі пәтерді жалдау құны нарықтағы бағадан екі-үш есе төмен келеді.

Бір қарағанда еш әбестігі жоқ болып көрінгенімен хабарландыру мәтінінде: "Өзіммен бірге тұратын жас әрі басы бос сүйкімді қыз іздеймін. Пәтерақы құнына келісеміз" деген сынды сөздер қайталанады.

Мысалы Алмалы ауданындағы бір бөлмелі бүтін пәтерді жиһаз-техникасымен, коммуналды қызмет ақысымен небәрі 20 мың теңгеге ұсынып отыр.

"Жалғыз өзім тұрамын. Қалада көп бола бермеймін. Негізінен жалғыз тұрасыз. Анда-санда келіп тұрамын", - деп жазылған мәтінде.

Аталған аудандағы бір бөлмелі жабдықталған жалдамалы пәтер құнын арнайы хабарландыру сайтынан қарап көрелік.

Скриншот желіден алынды

Скриншот желіден алынды
Source: Depositphotos

Мұнда бір бөлмелі пәтерге ұсынылған бағаның ең кемі айына 45 мың теңге. Коммуналдық қызмет құны бөлек төленуі тиіс. Оның үстіне пәтер ескі үйде орналасқан.

Ал кейбір "жомарт" пәтер иелері жас қыздарға астарлап емес, ашық түрде және пәтеріне ұзақ мерзімге тегін кіргізе алатынын айтады.

"Пәтеріме әдемі қыз іздеймін, егер баспанаң болмай қиналып жүрсең, үйіме кіргізе аламын. Қысқа да, ұзақ мерзімге де тұруға болады. Жалғызбын", - дейді жас жігіт.
Скриншот желіден алынды

Скриншот желіден алынды
Source: Depositphotos

Келесі бір хабарландыруда қыздарды тегін кіргізбек түгілі тіркеуге тұрғызатынын айтып ағынан жарылған.

"Пәтеріме өзіммен бірге тегін тұруға, тұрақты қарым-қатынас үшін өзі жас әрі сұлу қыз іздеймін. Оны тіркеуге тұрғызып беруім мүмкін. Абай даңғылының бойында орналасқан. Бойдақпын. Есім дұрыс", - деп жазады хабарландыру иесі.
Скриншот желіден алынды

Скриншот желіден алынды
Source: Depositphotos

Жылжымайтын мүлік саласында қызмет ететін алматылық риелтор Айнұр Исаеваның айтуынша елімізде пәтерін сол жолмен жалға берушілер өздерін жасырын ұстайды.

"Олар өз хабарландыруын сайтқа емес әлеуметтік желіге салады. Біздің агенттік мұндай жұмыспен айналыспайды", - деп басын ала қашты маман.

Расында хабарландыру берген пәтер иелерінің қылығы дәлелденсе заңға қайшы әрекет дейді заңгерлер. Ол Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің 123 бабына сай, яғни жыныстық қатынас жасауға немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету болып саналады.

"Көп жағдайда мұндай хабарландырулардың "астарын" білу қиынға соғады. Сондықтан күдік туғызатын пәтерлердің бағасын сол аудандағы орта бағамен салыстыру қажет.
Арзан пәтердің құнына ескі үй, қала орталығынан шалғайлығы және жуынатын бөлменің болмауы әсер етер, ал басқа жағдайда жыныстық құлдыққа түсу қаупі болуы мүмкін", - деп ескертеді маман.
Сіздің реакцияңыз
3
5
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel