RU
Қызылордада "SMART-Ex" жобасы іске қосылды
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада "SMART-Ex" жобасы іске қосылды

Рассказать Вконтакте

Қызылорда қаласында бүлдіршінді балабақшаға орналастыру бойынша ешқандай қиындық жоқ. Құжатын жедел рәсімдеу, кезек мәселесі толық шешілген деп, хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қызылордада балабақша бала іздейді

Баласын кезекке қойған ата-ана, сол мезетте немесе 3 күннің ішінде өтінішіне жауап алып, баласын балабақшаға орналастыра алады. Яғни өтініш білдірген сәттен бастап баланы балабақшаға орналастырдым деп есептей беруге негіз бар.

Қызылордада балабақша бала іздейді

Іске қосылған «SMART-Ex» жобасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына берілетін мемлекеттік тапсырыстың мақсатты жұмсалуына оң септігін тигізуде.

Қызылордада балабақша бала іздейді

Қызылорда қаласына қарасты барлығы 237 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 19701 баланы балабақшамен қамтып отыр. Ондағы жеке меншік балабақшалардың үлесі – 76 пайыз, яғни 14900 бала. Қызылорда қаласындағы кезектілік мәселесінің оңтайлы шешім табуына бұл жерде жекеменшік балабақшалардың үлесі мол екенін көруге болады.

Қызылордада балабақша бала іздейді

Барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының орын саны 21597. Бұл орайда Қызылорда қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының балабақшаға баланы кезексіз қабылдау мүмкіндігі бар деп сеніммен айтуға болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel