RU
Алматы облысында дәрігерлер үш айлық нәрестенің емін таба алмай отыр (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында дәрігерлер үш айлық нәрестенің емін таба алмай отыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында үш айлық нәрестенің денесіне жара қаптап, ауруы асқынып барады. Киім кигізгенде шырылдап жылайтын сәбидің қандай дертке шалдыққанын дәрігерлер анықтай алар емес. Ал босанғанда Әминаның сау болғанын айтқан анасы бұл жағдайға медбикелерді кінәлап отыр деп хабарлайды 31 арна.

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Фото: Видеодан кадр/ 31 арна

Альмира Оспанова қызы дүниеге келгенде денесі мен бетінде ұсақ бөртпелер тұрғанын айтты.

Оның сөзінше, дәрігерлер сәбидің денесін спиртпен сүртіп, жараларды асқындырып жіберген.

"Бала тап-таза туылды. Екінші күні бетінде, үстінде ұсақ бөртпелер тұрды. Көксу ауданындағы медбикелер температурасы 37,5 болғанда бсж саламыз деп, баланың үстін спиртпен сүрткен. Содан бетіндегісі кетіп қалды да, үстіндегісі асқынып кетті. Жазылатын түрі жоқ. Не дәрігерлер қандай диагноз екенін білмей отыр. Олар мұндайды бірінші рет көріп тұрғандарын айтты", - дейді Оспанова.

Сәбидің денесіндегі жаралар жылы температурада асқына бастаған соң Альмира оны салқын жерде ұстауға тура келгенін айтады. Осылай жүргенде нәрестенің өкпесіне суық тиіп, Талдықорған облыстық балалар ауруханасына жатқызылыпты. Енді бір күннен соң дәрігерлер Әминаны үйіне шығарады екен.

"Қазірге эксфолиативный дерматит дейді, терісі түсіп жатыр. Бірақ тағы бір аурулар бар, соған зерттелу керек шығар деп ойлаймын. Өйткені бұрынғыға қарағанда көбейіп жатыр", - дейді Алматы облыстық балалар ауруханасы бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары Ләззат Сламбекова.

Ал педиатрлық ауруханаға жолдамамен бір рет қана қаралып, ем таппаған ана енді қайда барарын білмейді. Қаражат жағынан қиындыққа ұшыраған ол жомарт жандардан көмек сұрап отыр.

Дереккөз: 31 арна

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel