RU
Мәселені жекпе-жекпен шешкен хиджабтағы арулар масқара болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Мәселені жекпе-жекпен шешкен хиджабтағы арулар масқара болды

Рассказать Вконтакте

Instagram блогерлері Фатима Арабова мен Малика Джикаева әлеуметтік желіде жанжалдасып, мәселені жұдырықтасып шешкен. Төбелесті бейтарап аймақта ұйымдастырып, құрбылары төреші міндеттерін атқарып, жекпе-жекті видеоға түсірген. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

orelgrad.ru

Фото:orelgrad.ru
Source: Facebook

Кадрдан тыс айтылған сөздерге қарағанда, жекпе-жектің басты ережесі төбелес кезінде хиджабқа тиіспеу болған. Бірақ Фатима бұл ережені бұзып, лайықты жазасын алған. Қарсыласы оның аяғын сындырған.

"Әй, аяғым сынып қалды. Аяғым шығып кетті", - деп шырылдады Фатима.

Видео тез арада әлеуметтік желілерге тарап, блогер қыздарды ережесіз жекпе-жек жұлдыздарына айналдырған.

Жуырда тағы бір кездесуі өтуі мүмкін, себебі Фатиманың жекпе-жек нәтижелеріне көңілі толмай, тағы бір кездесуді талап етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз
44
6
3
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel