RU
Жамбыл облысында "Смарт-Тараз" жобасы іске асырылуда
Жаңалықтар Саясат және экономика

Жамбыл облысында "Смарт-Тараз" жобасы іске асырылуда

Рассказать Вконтакте

Цифрландыру кеңсесінің басшысы Д. Егізбаевтың айтуынша, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында «Смарт-Тараз» жобасы іске асырылып жатыр.

Жамбыл облысында "Смарт-Тараз" жобасы іске асырылуда

Оған негізгі бес бағыт бойынша: білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, агроөнеркәсіптік кешен және қауіпсіздік бойынша 20 жоба кіреді. Денсаулық сақтау саласында облыс халқының 70%-ында электронды денсаулық паспорты болады.

Тіпті, бүгінгі күннің өзінде Тараз қаласының 34 мың тұрғыны медициналық қызмет алу үшін арнайы қосымшаны қолданады. Келесі жылға қарай пайдаланушылар саны 200 мыңға жетпек. Білім беру жүйесінде компьютерлермен жабдықталған сыныптар саны осы жылдың 10 айында 22%-дан 58,5%-ға дейін өсті.

Жыл соңына дейін 100% қамту жоспарланып отыр. Жүзеге асқан жобалар арасында «Балаларды бірінші сыныпқа және мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау қызметтерін автоматтандыру» жобасы бар, ал келесі жылы мектеп сыныптары үшін роботтарды шығару жобасы іске қосылмақ.

Ауылдық кітапханалар базасында 24 цифрлық сынып ашылды, жыл соңында мұндай орталықтардың саны 57-ге дейін көбеймек. 2019 жылдың соңына қарай цифрлы сыныптар 250 мыңнан астам тұрғыны бар барлық елді мекендерде жұмыс істейтін болады. Қабылданған шаралар осы жылдың мамыр–қыркүйек айларында 182 мың адамның цифрлық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Жалпы көрсеткіш 61%-дан 78,5%-ға дейін өсті. Бүгінде Жамбыл облысы тұрғындарының 99%-ы интернетпен қамтылған, бұл — 378 елді мекеннің 347-інде интернет бар деген сөз. Биыл және келесі жылы интернет жылдамдығы 4 Мбит/с-тан төмен елді мекендерде жылдамдықты арттыру жұмысы атқарылып жатыр.

2020 жылы 250-ден астам тұрғыны бар елді мекеннің бәрі интернетке қосылады. Желтоқсанның 1-інде Жамбыл облысында Astana Hub ІT-стартаптар халықаралық технопаркіне ұқсас Тараз хабы іске қосылады.

Бұл туралы жоба жетекшісі Т. Омаров хабарлады. ІТ-орталық аталмыш сала мамандарының жаңа буынын өсіріп, оларға роботты техника және ВЕБ-бағдарламалауды үйретуді көздейді.

«Орталық базасында 2019 жылдың басынан бастап информатика, роботты техника және 3D модельдеу оқытушыларын оқытпақпыз. “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы арқасында үш білім беру жобасын жүзеге асырамыз. Біріншісі – балабақшаларды автоматтандыруды көздейтін “ақылды балабақша” жобасы. Оның арқасында Жамбыл облысының барлық мектепке дейінгі ұйымдары 100%-ға (508 ұйым) тегін автоматтандырылған. Екінші жоба – “ақылды мектеп” деп аталады, бірінші сынып балаларын мектепке қабылдауға арналған жоба бүгінгі таңда 119 мектепке енгізілді. Қалған 326 мектеп 15 желтоқсанға дейін автоматтандырылады. Үшіншісі – “ақылды колледж” жобасы, ол арқылы Жамбыл облысының барлық колледждері автоматтандырылады.

Заманауи цифрлық технологиялар мен бағдарламалар цифрлық экономикаға қажетті дағдыларды өскелең ұрпақ бойына сіңіруге септігін тигізеді. Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараты бойынша ақпараттық технологияларға оқыту ісі қалалық әрі аудандық мектептерде де жүргізіліп келеді. Биыл облыста 120 роботты техникалық сынып ашылған. Облыстың барлық аудан орталықтарында, сондай-ақ Тараз қаласында ІT-сыныптарда қосымша сабақтар оқытылады. Бұдан басқа, Тараз техникалық шығармашылық орталығында робот құрастыру ісімен 100-ге жуық студент айналысады.

Ел дамуы үшін өндіріске озық технологиялар мен инновациялар енгізу басты міндеттердің бірі. Елбасы қабылдаған «Цифрлы Қа­зақстан» бағ­­дарламасы осыған апарар даңғыл жол деуге негіз бар.

Өйткені, ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру, кез келген салаға цифрлы технологияны ендіріп, IT мамандарды даярлау бағдарламаның маңызды бөлігі. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Тараз HUB» жаңа инновациялық орталығы 1 желтоқсан күні өз жұмысын бастамақшы. Мұнда ІТ мамандарын даярлаумен қатар, оқушылар мен мұғалімдердің қалауы бойынша робототехника, 3Д модельдеу және веб програмалау бойынша оқытады.

Онда 7-8 сыныпта конкурспен қабылданған 120 бала оқуда. 3 тілді меңгерген 25 ұстаз жұмыс істейді. Жаратылыстану бағытындағы пәндер ағылшын тілінде өткізіледі. Сондай-ақ, 32 орындық жатақханасы мен асхана бар, қосымша үйірмелер де жұмыс істейді. Бағдарлама аясында аймақта тағы үш жоба, яғни «ақылды балабақша», «ақылды мектеп» және «ақылды колледж» жобалары іске асырылып жатқанын айта кету керек. Облыстағы мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен 51 колледж 100 пайыз автоматтандырылса, 119 мектеп цифрлы жүйеге көшірілген. Жыл соңына дейін қалған 320 мектепке де бұл жүйе толығымен енгізілмекші.

Ағымдағы жылдың 20 кыркүйегінде дырынды балаларға арналған IT лицей-интернаты ашылды. Лицей 300 балаға арналған және жаңа модификациялық, робототехника, web-бағдарламалау кабинеттері мен STEM лаборатория, жоғарғы жылдамдықтағы интернет және ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жабдықталған. Бүгінгі таңда 7-8 сыныптың 120 оқушысы білім алуды.

Ағымдағы жылы аудандар мен Тараз қаласында 13 IT-сыныбы ашылды. IT-сыныптарына 925 бала қамтылды.

Бүгінгі таңда облыс көлемінде 31,6% (152) мектеп робототехника кабинетімен жабдықталған (оның ішінде: 32 мектеп 2017 жылы жабдықтылған).

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel