RU
Ауру әкесін жолдың бойында тастап кеткен әйел түрмеге түсті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ауру әкесін жолдың бойында тастап кеткен әйел түрмеге түсті

Рассказать Вконтакте

Жапонияда Ритсуко Танака есімді жұмыссыз әйел ауру әкесін үйінен 70 шақырым жерде тас жолдың бойында қалдырып кеткен. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

kazved.ru

Көрнекі фото:kazved.ru
Source: Facebook

Оцу қаласында тұратын 46 жастағы жұмыссыз Ритсуко Танака 79 жастағы әкесін Кобе қаласының шетіндегі Хиого префектурасындағы техникалық бақылау бекетіне апарып, тастап кеткен.

Сервис қызметкерлері жалғызбасты қарияны байқап, одан аты-жөні мен мекен-жайын сұраған. Бірақ альцгеймер ауруына шалдыққан қарт қызының есімінен басқа ештеңені есіне түсіре алмаған.

Бекет қызметкерлері полиция шақыртып, олар қарияны қорғауға алған. Тәртіп сақшылары Танакомен байланысып, оны ауру әкесінің қамқоршысы бола тұра, оған "немғұрайды қарады" деген айып таққан. Ал әйел адам кінәсін жасырмаған.

"Оны тұтқындап, қарттар үйіне әкетсін деп ойладым. Менімен тұрғанын қаламаймын", - деген Танака қамауға алынған.

Ал 46 жастағы әйелдің ісі жапондықтардың ашуына тиген. Желі қолданушылары оны "тасжүрек", "пәс адам" деп айыптаған. Алайда арасында әйелді жақтайтындар да табылған.

"Бұл өте қиын жағдай. Жұмысы мен ақшасы жоқ болғандықтан, ауру әкесін күту оңайға соқпаған шығар. Неге үкімет дер кезінде оған көмектеспеген? Әлеуметтік көмек жөнінде ақпарат таба алмаған шығар", - деген пікірлер айтқан.

Тілшілер ол ежелгі жапондық убасутэ дәстүріне жүгінген деген болжам жасаған. Ол дәстүр бойынша, қарттар пайдаға жарамай қалған кезде, оларды қоғамнан қуып жіберіп отырған.

Бұл дәстүр ертегілер мен аңыздарда айтылғанмен, шынайы өмірде қолданғаны туралы ресми дәлелі жоқ екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel