RU
Танымал модель қыздарды белдемше астынан суретке түсіріп жүрген азғынды әшкереледі
Жаңалықтар Калейдоскоп

Танымал модель қыздарды белдемше астынан суретке түсіріп жүрген азғынды әшкереледі

Рассказать Вконтакте

Таиландтың Бангкок қаласының Патумван ауданындағы сауда үйінде өткен сән көрсетілімі кезінде танымал модель және тележұлдыз Танчанок Гуд 40 жастағы жастағы ер адамның қыздарды белдемше астынан суретке түсіріп жүрген азғын әрекеттерін әшкереледі. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

21 жастағы бойжеткенге үзіліс кезінде Натавут есімді ер адам әңгімелесуге келген. Бірақ арудың визажисті ер адамның бәтіңкесіндегі тесіктен бейнекамераны байқап қалған. Мұны естіген модель күзетшілерді шақыртып, азғын жылдам тұтқынға алынған.

Полицейлер ер адамның бәтіңкесінен ұялы телефон тапқан.Ер адам бәтіңкесіндегі камераның көмегімен қыздардың белдемшесінің астын суретке түсірумен айналысқан. Натавут суреттерді өзін сексуалды қанағаттандыру үшін пайдаланғанын мойындаған.

Ол сән көрсетіліміне тілші кейпінде кіріпті. Енді ер адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
2
1
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel