RU
Алматыда кәсіпкердің қызын ұрлап, 500 мың доллар талап еткен өз досы болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда кәсіпкердің қызын ұрлап, 500 мың доллар талап еткен өз досы болып шықты

Рассказать Вконтакте

Полициейлер Алматыдағы танымал кәсіпкер Рүстем Бөлекбаевтың қызын ұрлап, 500 мың доллар талап еткен қарақшылардың ісін ашты. Бизнесменнен өзінің досы әрі күзетшісі ақша бопсаламақ болыпты деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото williamblylaw.com сайтынан алынды

Иллюстрациялық фото williamblylaw.com сайтынан алынды
Source: Depositphotos

Арам пиғылдылар оңай олжамен қалтасын томпайту үшін бір ай бойы жоспар құрған.

Көк түсті KIA Алматы көшелерінің бірінде кәсіпкердің қызы Мәриям отырған көлікке "кездейсоқ" соқтығысады. Жүргізуші Аслан ережені бұзған Мұратбек Тайбековпен сөйлесуге сыртқа шығады. Сонда әлгі азамат өз кінәсін өтеу үшін 50 мың теңге беретінін, алайда оны үйінен алып кету керектігін айтыпты.

Аслан оған келісіп, үйіне қарай бет алады. Бірақ адам аз жүретін жолға жеткенде Тайбеков жүргізуден сыртқа шығуын өтініп, оны електр есеңгіреткішпен талдырып тастайды. Ал "әйелі" Гүлбаршын Серімбетова Асланға пышақ тақап, "жұбайымен" жабылып, оны тепкілеп кеткен.

Осы уақытта көк KIA ішінде отырған 22 жастағы Карина Жазбаева Мәриямды өзінің жанына отырғызып, барлығы көлікке мініп қашып кетеді.

Кейінірек "отбасылық жұп пен қыздың" рөлін сомдаған жезөкшелер мен күзетші екені анықталды.

Ал Аслан есін жия салып полицияға қоңырау шалады. Осы сәтте кәсіпкер Бөлекбаевтың телефонына "Үйіңді торуылдап жүрміз, ешкімге хабарласпа. "Алтын Орда базарындағы кафеге 500 мың доллар алып кел, әйтпесе қызыңды енді көрмейсің" деген хабарлама келеді.

Содан соң қарақшылар іске полиция араласқанын біліп алып, нөмірлерін өшіріп тастаған.

Мәриямды ұрлаған орыннан тәртіп сақшылары Тайбековке тиесілі телефонды тауып алады. Алайда күдікті оны сырттай бұғаттап үлгерген екен. Оның SIM-картасындағы бірнеше нөмір мен жадында сақталған бірнеше сурет істің ашылуына көмек болады. Табылған нөмірлер иесі Атырау, Тараз және Алматы қалаларында жүргені анықталады. Сонымен алматылық жезөкшені полиция бірден құрықтайды.

Осы сәтте Бөлекбаевқа белгісіз нөмірден Мәриям хабарласып, өзінің "Алтын Орда" маңындағы жанрмай бекетінде отырғанын айтады. Оқушы қыз үйіне оралған соң полицияға қарақшылардың өз отбасы жайлы көп мәлімет білетінін айтады. Олар кәсіпкердің жарынан айырылғанын, қандай іспен айналысатынын тіпті, итінің атына дейін хабардар болып шықты.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары үй қызметшілерін, аспазшы мен күзетшіні тергей бастайды.

Руслан Молдағалиев кәсіпкердің үйін күзетуші ғана емес, оны қиын кездерде демеген, бірге қыдыратын досы болып шықты. Күзетшіні жан-жақты тексере келе полиция оқиға орын алған күні ол Тайбековтың жоғалған телефонына қоңырау шалғанын анықтайды.

Соңында Серімбетова мен Жазбекова - Өзбекстаннан келген жезөкшелер, ал Тайбеков солардың жүргізушісі болып шықты. Ал бұрын істі болған күзетші Руслан осы үшеуі арқылы бай досынан ақша бопсаламақ болған.

Кәсіпкер ұзақ уақыт бойы оның сатқындығына сене алмай, тіпті қорғаушы жалдап бермек болған.

Қазір қылмыстық топтың төрт мүшесі де қамауға алынып, істері сотқа өткен.

Материалды көшіріп басу немесе пайдалану үшін "Время басылымы" ЖШС-нің рұқсатын алу міндетті

Сіздің реакцияңыз
13
1
8
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel