RU
Ташкентте ММА жұлдызы аяусыз соққыға жығылды (видео)
Жаңалықтар Спорт

Ташкентте ММА жұлдызы аяусыз соққыға жығылды (видео)

Рассказать Вконтакте

26 қараша күні бірнеше адам "Азиялық аю" лақап атымен танымал ауыр салмақтағы ММА чемпионы Мұрад Хантураевты соққыға жығып кеткен. Бірнеше пышақ жарақаты мен көптеген зақым алған спортшы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Газета.uz басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ca-news.org

Фото: ca-news.org
Source: Facebook

Өзбекстанның құқық қорғаушылары Мурад Хантураевқа шабуыл "Ташкент" сауда орталығына жалғай салынған ғимаратта орналасқан кеңсесінде жасалғанын хабарлады. Шабуыл кезінде спортшының қасында бірнеше адам болған.

Тәртіп сақшылардың ақпаратынша, мекемеге қара бетперде мен арнайы киім киген сегіз шақты адам баса көктеп кірген. Олардың қолдарында темірлер, шоқпарлар мен пневматикалық қару болған. Шабуылдаушылар барлық адамды жерге жатқызған.

Қаскүнемдер спортшы мен 30 жастағы тағы бір ер адамды аяусыз соққыға жыққан. Жарақаттар темір, үшкір зат пен резеңке шоқпарлармен жасалған. Тіпті пневматикалық қаруды да қолданған. Содан кейін белгісіз адамдар оқиға орнынан іздерін суытқан.

Чемпион ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер спортшыға жабық бас сүйек-ми зақымы, бас сүйектің жаншылған жарақаты, оң жақ жанбасының көптеген кесілген, тілінген жарақаттары, кеуде қуысы жыртылуы және сол жақ білегі тілінуі деген диагноз қойған.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, Хантураевпен бірге кеңседе 34 жастағы Ташкент тұрғыны және 30 жастағы Бұхара тұрғыны болған. Олардың екеуі де есірткі саудасы мен тонау үшін бұрын сотталған екен.

Бүгінгі таңда спортшыға жасалған шабуыл фактісімен "Қару қолданамыз деп қорқытып, топ болып жасалған бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан шығып бара жатқан күдіктілердің видеосы жарияланған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel