RU
Грузияның жаңа президенті зәулім резиденцияда жұмыс істеуден бас тартты
Жаңалықтар Әлемде

Грузияның жаңа президенті зәулім резиденцияда жұмыс істеуден бас тартты

Рассказать Вконтакте

Грузиядағы президент сайлауында жеңіске жеткен Саломе Зурабишвили Михаил Саакашвилидің кезінде соғылған зәулім резиденцияда отырудан бас тартып, Тбилисидегі қарапайым Орбелиани сарайында жұмыс істейтінін жеткізді. Бұл туралы "Новости-Грузия" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Саломе Зурабишвили. Фото: Sputnik Грузия

Саломе Зурабишвили. Фото: Sputnik Грузия

"Өздеріңіз білетіндей, менің отбасымда Бараташвили де, Орбелиани де болған. Бұл ата-бабаларымыз, сондықтан Орбелиани мен үшін өте қолайлы", - деді ең алғашқы әйел көшбасшы журналистерге берген сұхбатында.

Зурабишвилидің айтуынша, Орбелиани сарайы Авлабаридағы зәулім ғимаратқа қарағанда еуропалық үлгіде соғылған және қарапайым көрінеді.

"Біз еуропалық болғымыз келсе онда осы ғимарат дәл сол үлгіде салынған. Ал әлгі зәулім резиденция арқылы маған басқаша жүйе елестейді", - дейді ол.

Президенттің сөзіне сүйенсек, бұрынғы резиденция мемлекет символы болып табылады. Сондықтан онда премьер-министр немесе Сыртқы істер министрі отырғаны дұрыс. Олай болмаған жағдайда шетелдік қонақтарды қабылдайтын орынға айналады екен.

"Оның енді қандай ғимарат болатынын мен емес, үкімет шешеді. Бірақ ол жерде президент болуы міндетті емес", - деді Зурабишвили.

Сондай-ақ әйел "өз үйінде тұратын", "жаяу жүретін", "базарға барып азық-түлік алатын" және "адамдармен жолығып тұратын" өзгеше президент болғысы келетінін айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel