RU

Қасиетті Меккеден адам сенгісіз құбылыс байқалды

Қасиетті Мекке қаласының тұрғындары мен қала қонақтары аспаннан өте сирек кездесетін құбылысты байқаған. Бұл туралы Islam.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: islam.kz
Фото: islam.kz: Facebook

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Меккеден адам сенгісіз құбылыс байқалған.

Қажылық өтеуге келген жұрт сол түні Айдың киелі Қағбаға перпендикуляр келіп, әл-Харам мешітінің үстіне тігінен жайғасқанын көріпті.

Бұл жайында Saudi Gazette мерзімді басылымы хабар таратқан екен.

"Бұл құбылыс мұсылманға намаз оқитын бағытын анықтауға көмектеседі",- деп мәлімдеген Жидда қаласындағы астрономия қауымдастығының президенті Мәжит Әбу Зәһір.

Мұндай тосын құбылыс қалада соңғы рет 2012 жылдың соңында көрінген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766346-kasietti-mekkeden-adam-sengisiz-kbylys-bajkaldy.html