RU
Сүйіктісін жерлеу рәсіміне шақырған жігіт жұртты таңырқатты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сүйіктісін жерлеу рәсіміне шақырған жігіт жұртты таңырқатты

Рассказать Вконтакте

Желі қолданушыларын жігітпен кездесуді жерлеу рәсімінде өткізген британдық бойжеткеннің хикаясы таңғалдырған. Оқиғаны қыздың құрбысы Twitter парақшасында жариялаған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

orbiz.by

Көрнекі фото: orbiz.by

Қыздардың хабарлама алмасуын құрбысы Twitter парақшасында жариялаған. Парақшада қыздың есімі Бриджит Джонс деп жазылыпты. Бойжеткен өміріндегі ең сұмдық кездесуі туралы жазған.

Кездесуге шақырған жігіті одан қара көйлек киюін өтінген.

Жұп көлікпен келіп, крематорийдің жанына тоқтаған. Мұны қыз ғимараттағы тақтайшадан түсінген. Не болғанын түсінбеген Джонс жігіттің жанармайы таусылды деп ойлаған, бірақ жігіт бәрін түсіндіріпті.

"Саған ертерек айтсам, келмей қоясың ба деп ойладым", - деп айтыпты жігіт.

Сөйтсе, сол күні жігіттің әжесінің жерлеу рәсімі өткізіліп жатыр екен. Қыз бала қатты таңғалса да, рәсімге қатысыпты. Себебі жан-жағында адамдар жылап жатқанда, кетіп қалуды ыңғайсыз көрген екен. Сонымен қатар кездесуді ұйымдастырған жігіт қызды қолынан ұстап, көз жасына ерік беріпті.

Бұл хикая желіде жылдам тарап, 30 мың лайк жинаған. Желі қолданушылардың көбі бұл өте сәтсіз кездесу болғанын мойындаған.

"Романтика жоқ дейтіндер оқысын. Кешіріңіз, өзімді ұстай алмадым", - деп қалжыңдапты желі қолданушылардың бірі.
Сіздің реакцияңыз
3
4
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel