RU
Назарбаев қазақстандықтарды Тұңғыш президент күнімен құттықтады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев қазақстандықтарды Тұңғыш президент күнімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды келе жатқан Тұңғыш президент күнімен құттықтады. Ол бұл мерекенің белгілі бір есімдерге қатысы жоқ екенін, қазақстандықтар 27 жыл бұрын тәуелсіз ел тарихындағы алғашқы президенттерін таңдағанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Мемлекет басшысы бұл мейрамның барша халық үшін қуанышты күн екенін айтты. Ол қайсарлық халықтың саны мен елдің ұлылығында емес, ұлттық рухта екенін жеткізді.

Осыған қатысты Елбасы 16 млн ғана вьетнамдықтардың өз рухтарының арқасында ірі держава, қарумен және техникамен қамтамасыз етілген АҚШ әскерін жеңіп кеткенін мысалға келтірді.

"Өз елін қорғау-барша халықтың міндеті. Біздің ата-бабаларымыз жерімізді ештеңеден қаймықпай, ерлікпен қорғаған. Бізде де сол рух болуы керек", - деді президент.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқы ұлттық белгілерді айшықтамау керегін, біз барлығымыз қазақстандықтар екенімізді атап өтті.

"Қазақстанда көптеген этностар тұрады, өйткені тарихта да солай болған. Біз барлығымыз осы елдің азаматтарымыз. Мысалға алсақ, Римде ұлт емес, азаматтық маңызды рөл атқарған. Онда ұлттар емес, тек қана Рим азаматтары ғана болған.
Біз, қазақстандықтар, қазақтар кең-байтақ жерімізде қанша мәдениеттің орныққанын білеміз.Олардың қатарында ғұндар, сақтар, Түрік империясы, Шыңғысханның қаптаған қолы да бар. Отанымызда осындай көп тарих мен мәдениет болғандықтан біз толеранттылық пен құрметтеуді сіңірген халықпыз", -деді мемлекет басшысы.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Одан бөлек, Елбасы Қазақстан Қорғаныс министрлігін "Жас сарбаз" қоғамдық қозғалысының құрылуымен құттықтады.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel