RU
Үйсіздерге жылы киімдерді ағашқа ілгендерге көпшілік тәнті болды (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Үйсіздерге жылы киімдерді ағашқа ілгендерге көпшілік тәнті болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркия мен Болгария елдерінде жақсы дәстүр бар. Адамдар қыс мезгілінде үйсіз жарым жандарға арнап ағаштарға жылы киімдер іледі екен. Бұл туралы Instagram желісіндегі 550gramm_kz парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

mirnov.ru

Фото:mirnov.ru

Түркия мен Болгария елдерінде үйсіз адамдарға арнап, қыс мезгілінде ағаштарға жылы киімдер кигізіп кету дәстүрі бар екен.

Биыл бұл дәстүрге Австриялық студенттер қосылыпты. Жылы киіммен бірге олар киімдерді киетін адамдарға жылы лебіздер жазып кетеді екен.

Мұндай бастаманы көрген қазақстандық Instagram қолданушылары өз пікірлерін білдірген.

"Мейірімді адамдар көбейсін", "Біздің елде де бар. Олар тоғайдағы ағашқа ілсе, біз үйдің кіре берісінде қалдырамыз",- деп жазыпты желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Қарағанды облысындағы Саран қаласында мұқтаж адамдарға киімді тегін беретін дүкен ашылған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel