RU

Алматы аспанындағы қалың түтін жұртты шошытты

Алматылықтар әлеуметтік желіге қаладағы қалың түтіннің суреттерін сала бастады. Онда сұр-қоңыр түстес түтін көкжиектің сызығындай болып көрінген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook.com / Владимир Заикин
Фото: facebook.com / Владимир Заикин: UGC

Владимир Заикин атты фотограф қаланың жоғарғы бөлігін суретке түсіріп алған. Ол адам шошырлық суреттерді әлеуметтік желіде жариялапты.

Фото: facebook.com / Владимир Заикин
Фото: facebook.com / Владимир Заикин: UGC

Ал фотографтың суретін көрген желі қолданушылары қаланың Марсқа ұқсайтынын айтқан.

Фото: facebook.com / Владимир Заикин
Фото: facebook.com / Владимир Заикин: UGC

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ауа мониторингіне арналған Airkaz.org тәуелсіз сайтының жетекшісі Павел Александров жылыту маусымы басталғалы бері Алматыда түтін көлемі күрт өскенін жеткізген еді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1766355-almaty-aspanyndagy-kaly-ttin-zrtty-sosytty.html