Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төрт балалы тележүргізуші қатерлі дертті жеңіп шықты

Опубликовано:

Әзірбайжандық заңгер әрі танымал тележүргізуші Зюльфия Байрамова ауыр дертінен айықты деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Oxu.Az
Фото: Oxu.Az: Getty Images

Дереккөз мәліметіне сүйенсек, Байрамова ұзақ уақыт бойы асқазан обырынан азап көріп келген. Алайда емі жоқ дертке бой алдырмай, онымен барынша күресіп бағыпты.

Тележүргізуші өзінің Instagram парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісіп, барша халыққа алғысын айтқан.

"Аллаға шүкір! Алла ұлық! Тоғыз айлық соғыс та аяқталды. Мен жеңіске жеттім! Қолдарыңызды сүйіп, баршаңызға бас иемін. Қатты қуанғаннан айтарға сөз таба алмай отырмын. Барлығыңызды жақсы көремін!", - деп жазған ол.

Айта кетейік, Ильгар Микайылоглу атты тележүргізушімен отбасын құрған әйелдің төрт баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1766376-trt-balaly-telezrgizusi-katerli-dertti-zeip-sykty/

pixel