RU
Асхат Тарғынның ұлына 20 мың теңгесін қимаған Ғаділбек ұятқа қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Асхат Тарғынның ұлына 20 мың теңгесін қимаған Ғаділбек ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Әнші Асхат Тарғын жеке концертінен соң ұлының тұсаукесерін өткізді. Әріптесінің қуанышына келген Ғадібек Жаңай Асхат Тарғынның ұлына көрімдік ретінде 20 мың теңге беріп, тұсаукесер матасының үстінен оның қалғанын қайтарып алған деп жазады "31" арнадағы "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Асхат Тарғын, Ғаділбек Жаңай. Фото:kazvip.kz, vipsound.kz. Коллаж: NUR.KZ

Асхат Тарғын, Ғаділбек Жаңай. Фото:kazvip.kz, vipsound.kz. Коллаж: NUR.KZ
Source: Instagram

Әнші бұл ісін аяқ астынан ұсақ ақша таппай қалғанымен түсіндірген.

"Майда болмады. Мына жерде көп ақша жатыр екен, сосын майдалап алдым. Бұрын беташарда сондай болған еді. Он мың теңге салып, сегіз мың теңге қайтарып алдым. Біреуге ақша беруім керек еді ғой. Бір жағынан Асекеңді де ренжіткім келмей тұр", - деп ағынан жарылды Ғаділбек Жаңай.

Бұл бағдарламаны көрген желідегілер Ғаділбек Жаңайды сынға алған.

"Ғаділбек мынауың ұят болған екен", "Ғаділбек пысықтығыңыз ұстап кетті-ау", - деп күлкі қылған.

Естеріңізге сала кетейік, Ғаділбек Жаңайдың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
46
5
2
3
0
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel