RU
Үнді азаматына ота жасаған дәрігерлер адам сенгісіз жайтты анықтады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Үнді азаматына ота жасаған дәрігерлер адам сенгісіз жайтты анықтады

Рассказать Вконтакте

Үндістандық Санджу Бхагат есімді азамат өзінің егізін ішінде 36 жыл бойы сақтап келген. Сирек кездесетін дертке шалдыққан азамат сыңарының ішінде екенін білмеген деп хабарлайды weekend.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: weekend.rambler.ru

Фото: weekend.rambler.ru
Source: Instagram

Санджудың анасы да егіз сәбиге жүкті болғанын білмепті.

Ал Санджу Бхагаттың іші бозбала шағынан бастап өсе бастаған. Оны салмақ қостым деп түсінген ер адам дәрігерлерге қаралмайды.

Ер адам 36 жасқа келгенде оның іші жүкті әйелдің ішіне ұқсай бастаған. Содан кейін Бхагаттың іші түйіліп ауыра бастайды да, дәрігерлер ота жасайды.

Үндістандық азаматтың ішін тілген дәрігерлер талып қала жаздады. Мамандар ер адамның ішінен бетін шаш басқан адамның басын тауып алған.

Сондай-ақ оның тістері де анық шыққан. Осы жайттан соң, Санджудың өте сирек кездесетін дертке шалдыққаны анықталды.

Ол анасының жатырында жатқан сәтте, ішінде егіздің сыңары дами бастаған.

Аталмыш дерт осыған дейін әлем бойынша 99 рет қана кездескен.

Сіздің реакцияңыз
0
5
8
1
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel